Алматы облысында ақшасымен көлікті аластаған полицей желіні шулатты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде Алматы облысы аумағында қызметтік көлігін ақшамен аластаған полицейдің видеосы пайда болды.

Бүйірінде 246 саны белгіленген көлікті айналшықтаған тәртіп сақшысының бұл әрекетіне облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғ. Жүкел өз парақшасында түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ғ. Жүкелдің айтуынша, облыс аумағында «Бастық боламын» атты сериал түсіріліп жатыр. Ал полициияның көлікті аластау сәті түсірілім барысындағы эпизодтардың бірі.

Дәлел ретінде баспасөз хатшысыFacebook -тегі парақшасына кинотүсірілімнің басқа да сәттерін жүктеп қойған.


Соңғы жаңалықтар
telegram