Алматы облысында алты айлық сәби коронавирустан емделіп шықты

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 34 адам коронавирус инфекциясынан емделіп шықты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысында алты айлық сәби коронавирустан емделіп шықты

Өңір басшысының баспасөз қызметі берген ақпаратқа сәйкес, олар Іле, Кеген, Панфилов, Қаратал, Ескелді аудандары мен Талдықорған қаласының тұрғындары. Олардың ең кішісі – алты айлық сәби болса, ең үлкені - 71 жастағы зейнеткер. Пациенттер 15 мамырдан бастап Алматы облысындағы инфекциялық ауруханаларда ем қабылдаған. Қазір денсаулықтарына қатысты шағымдары жоқ.

Бүгінгі күні облыста 248 адам коронавирустан жазылып шықты.