Алматы облысында антитеррорлық оқу-жаттығулары өтуде
ҚР «Терроризмге қарсы күрес» Заңының 12-ші бабы, 1-тармағы және 13-бабының 3-тармағын негізге ала отырып, 18 сәуірде сағат 08:30-да Алматы облыстық антитеррорлық операциялар штабы жұмысын бастады. Мұндағы мақсат жеке тұлғалардың, кәсіпорындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, террористерді қауіпсіздендіріп, олардың келтірген шығындарын мүмкіндігінше азайту.
Оқу-жаттығу кезінде мемлекеттік мекемелердің, тұрғындардың құқыққорғау органдары қызметкерлерінің әрекеттеріне, құжат тексеруіне түсіністікпен қарап, мүмкіндігінше қолғабыс жасау қажеттілігі ескертілді.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары халықтың қоғамдық орындарда, көліктерде иесіз жатқан заттарға (сөмке, қорап, орамалар, қаптар, шабадандар) әсіресе сымдар мен техникалық құрылғылар жалғанған бұйымдарға ерекше назар аударуын сұрайды. Мемлекеттік органдардың ресми ақпараттарын назарға алып, байбаламға жол бермеу керектігі құлаққағыс етілді.