Алматы облысында ауа райына байланысты тасжолдың бір бөлігі жабылды

ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Алматы облысында ауа райына байланысты тасжолдың бір бөлігі жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.

Алматы облысында ауа райына байланысты тасжолдың бір бөлігі жабылды

«Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты «Көкпек-Кеген-Түп» тасжолының Аласа қиылысынан Кеген ауылына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді», - деп жазды ведомстводан.

Айта кетейік, бұған дейін ТЖМ Алматы мен Жамбыл облыстарында қардың күрт еруінен су жиналатынын ескерткен.