Алматы облысында ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты 43 адам мен 18 автокөлік қауіпсіз жерге жеткізілді - ТЖМ

АСТАНА. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат - Қарлы борасынның болу қаупіне байланысты Алматы облысы Талдықорған-Қапал автожолынан 43 адам мен 18 автокөлік қауіпсіз жерге жеткізілді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Шымбұлақ-2 аумағында қарлы борасынның болу қаупіне байланысты Қапал және Көшкентал кенттерінің арасында, желтоқсанның 24-і күні сағат 21.00-ден таңғы сағат 6.30-ға дейін адамдар мен машиналарды қауіпсіз жерге жеткізу іс-шарасы жүргізілді.

«Құтқарылғандардың арасында үсік шалғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп атап өтті баспасөз қызметінен.

Адамдарды көшіруге ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД-ның 11 адамы мен 3 техникасы жұмылдырды.

Соңғы жаңалықтар