09:35, 24 Ақпан 2010 | GMT +5
Алматы облысында ауыл амбулаториясының шатыры құлады
АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат - Алматы облысында жиналып қалған қалың қардың салдарынан ауыл амбулаториясының шатыры құлады, зардап шеккендер жоқ,
деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Алматы облысының Райымбек ауданындағы Сарыжаз ауылында қалың жауған қардың салдарынан село амбулаториясының шатыры - 240 шаршыметрдей аумағы құлады, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп нақтылады ведомстводан.
Амбулатория 1986 жылы салынған бұрынғы балабақша ғимаратында орналасып келген.