Алматы облысында «Ауыл» партиясы ауыл әкімдерінің сайлауына 9 кандидат ұсынды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат- Алдағы ауыл әкімдерінің сайлауына «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясының Алматы облыстық филиалы 9 кандидат ұсынып отыр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Партия белсенділері Талдықорғанда өткен кезектен тыс конференцияда үміткерлердің тізімін бекітті. Жалпы партияның Алматы облысының 17 аудан үш қаласының бәрінде филиалдары жұмыс істейді. Облыстық аудандық және қалалық мәслихаттарда 32 депутат бар. «Ауыл» партиясы Жетісу өңіріндегі ауыл әкіміне кандидаттар саны бойынша екінші орында тұр. Ал облыс бойынша 71 ауылдық округте сайлау өтеді деп жоспарланған.

«Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясының Алматы облыстық филиалы төмендегі 9 кандидатты ұсынып отыр:
1. Аксу ауданынының Арасан ауылы: Жақыпов Данияр Әмірханұлы - 25.02.1989 жылы туған.
2. Ақсу ауданы Көшкентал ауылы: Курманғалиев Арнай Қаратайұлы - 13.06.1963 жылы туған.
3. Алакөл ауданы Жайпақ ауылы: Амангелдинов Манас - 22.01.1962 жылы туған.
4. Еңбекшіқазақ ауданы Ташкенсаз ауылы: Адылов Шатлық Тұрсынжанұлы - 15.12.1985 жылы туған.
5. Қаратал ауданы Кәлпе ауылы: Андасбаев Әміржан Ерболғанұлы 04.04.1963 жылы туған.
6. Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылы: Бекежанов Бақберген Сейітжанұлы 10.05.1968 жылы туған.
7. Көксу ауданы Мұқыры ауылы: Ибраимова Гульзира Аязбайқызы - 10.08.1988 жылы дүниеге келген.
8. Сарқан ауданы Бақалы ауылы: Құрманғалиев Жасұлан Мухтарұлы 25.09.1989 жылы дүниеге келген.
9. Талгар ауданы Бесқайнар ауылы: Бекжанов Жеңіс Бекмолдаұлы 29.07.1972 жылы дүниеге келген.


