Алматы облысында ауыл шаруашлығы саласында биыл 6 айда 70 млрд. теңгенің өнімі өндірілді – Аңсар Мұсаханов
МАТЫ. 28 шілде. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматы облысында ағымдағы жылдың алғашқы жарты жылдығында өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда ауыл шаруашлығы саласында 2 миллиард теңгенің өнімі артық өндірілді.
Кеше Алматы облысының Асы жайлауында Елбасының қатысуымен өткен облыстың Еңбекшіқазақ және Талғар аудандары малшыларының слетінде облыс әкімі Аңсар Мұсаханов осындай мәліметтерді келтірді.
"Алматы облысында өткен жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 228 миллиард теңгені құрады. Бұл 2009 жылмен салыстырғанда 2,4 пайызға жоғары. Ал үстіміздің жылдың 6 айында 70 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2 миллиард теңгеге артық", - деді Аңсар Мұсаханов.
Оның айтуынша, облыс аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу жөнінде республикалық өңірлік карта бойынша инвестициялық жобалар сәтті жүзеге асырылуда. Солардың бірі - Шеңгелді алқабындағы тамшылатып суару технологиясын қолдана отырып көкеніс және жеміс өндіру жөніндегі жоба. Онда 2014 жылға дейін тамшылатып суғару технологиясын қолдана отырып 1400 гектар жер игеріледі. Сонымен қатар 13 мың тонналық жеміс-жидек, көкеніс қоймасы және қызанақ өңдейтін өңдеу зауыты салынады.