16:18, 27 Мамыр 2009 | GMT +5
Алматы облысында автомобиль жолдарын жөндеуге, жаңғыртуға және салуға 2,5 мыңға жуық адам тартылады
ТАЛДЫҚОРҒАН. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ – Мемлекет басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауына сай Жол картасын іске асыру аясында Алматы облысында облыстық және аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын, қалалар мен елді мекендер көшелерін жөндеуге,
жаңғыртуға және салуға 2 783,6 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 1 696,6 млн. теңге мақсатты трансферттер және жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландыруға ? 1087 млн. теңге көзделген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Алматы облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Бекежан Мамажанов 2009 жылға көзделген қаражат есебінен облыста күрделі жөндеу бойынша 0,75 шақырым жолға, орташа жөндеу бойынша 395,4 шақырым жолға жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.Жол картасы Алакөл ауданындағы Қабанбай ? Көктұма, Ақсу ауданындағы Қапал ? Арасан, Кербұлақ ауданындағы Ақтерек ? Арқарлы, Талдықорған ? Үштөбе сияқты жолдардың проблемалық учаскелерін, сондай-ақ облыстық маңыздағы жолдардың 25 үзік бөлігін жөндеуге мүмкіндік береді. Осы мақсаттарға арналып 1 млрд. 525 млн. теңге бөлінді. Жол картасы бойынша аудандық маңыздағы көшелер мен жолдарды жөндеуге 1 млрд. 258 млн. теңге бағытталды.Бағдарламаны ойдағыдай іске асыру үшін жөндеу жұмыстарына 2449 адам тартылатын болады.