22:49, 05 Қараша 2017 | GMT +5
Алматы облысында айғақ заттарды ұрлаған полицей сотталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында айғақ заттарды ұрлаған полицей сотталды. Оқиға Текелі қаласында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сот үкімі бойынша Текелі қалалық ІІБ-ның бұрынғы қызметкері 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ал оның қылмысты жасау барысындағы сыбайласы 5 жылға сотталды.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, полицей пәтер тонау фактісі бойынша оқиға орнына барып, өздері ұрлық жасаған. Демек, әшекей мен айғақ заттарды өздері жымқырып қалған. Сот барысында олардың кінәсі толықтай дәлелденді.