Алматы облысында балабақша аумағында өрт болды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Бүгін Алматы облысында балаларға мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің бірінің аумағында өрт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2020 жылғы 21 желтоқсанда сағат 15:03-те Алматы облысының ТЖД-сына облыстың Панфилов ауданындағы Жаркент қаласында «Дана бала» жекеменшік балабақша аумағында жеке тұрған асхана шатырының жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті», - деп хабарлады облыстық ТЖД.
Өрт сағат 15:23-те ауыздықталды. 90 шаршы метрді шарпыған жалын сағат 15:42-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
«Мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерін ТЖ кезіндегі іс-қимылдарға тұрақты үйретудің арқасында балабақша қызметкерлері балаларды өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін эвакуациялаған. Қазіргі уақытта барлық бала үйлеріне тарады. Өртті сөндіруге Алматы облыстық ТЖД-ның 8 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылды. Өрттің шығу себебін анықтау үшін оқиға орнына Алматы облысы ТЖД Өрт сынақ зертханасы жіберілді», - деп атап өтті құтқарушылар.
Автор: Хасан Еспанов