Алматы облысында "Балалар әлемі" атты фестиваль өтті

/strong>Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматы облысының Іле ауданы Қарой ауылында Балалар мерекесі күніне арналған, VIII-ші "Балалар әлемі" атты фестиваль өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Болашақ» балалар мен жасөспірімдер клубы мен жергілікті билік өкілдерінің қолдауымен өткен шараға 2000-дай бала қатысты. Фестиваль аула клубтарының шеруімен басталды. Балалар «Былғары доп» футбол турниріне, «Балалар көзімен салынған әлем» атты сурет байқауына, ән-би байқауларына және тағы да басқа әр түрлі конкурстарға қатысты. Сонымен қатар, шара аясында балалар қолөнерінің көрме-сатылымы өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сатудан түскен қаражаттар клубтардың дамуына жұмсалады. Қонақтарды аула клубтары жасаған ертегі кейіпкер бейнесіндегі қуыршақтар көңілдерін көтерді.

Барлық қатысушылар «Рахат» кондитер фабрикасының және ұйымдастырушылардың сыйлықтарын алды.

"Бұл шараны ұйымдастырудағы мақсатымыз - салауатты өмір салтын насихаттауға шақыру, қоғамды балалар мен жасөспірімдердің мәселесіне назар аударту, сонымен қатар, ең алдымен балаларға көтеріңкі көңіл -күй мен қуаныш сыйлау болып табылады. Бүгінгі шараға мүмкіндігі шектеулі балалардың қатысуы да тегін емес. Олар да басқа балалар деңгейінде бірге ойнап, барлық байқауларға қатысуда. Біз ауыл әкімдігі мен ауылдық округтармен бірігіп барлық қатысушыларға ыстық тамақ пен әдемі киімдерді қамтамасыз еттік", деді «Болашақ» балалар мен жасөспірімдер клубының басшысы Роза Әбілова.

Оның айтуынша, 2002 жылы ашылған клуб осы жылдарға дейін 55-тен аса әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асырып, 11 аула клубтарын ашқан.

Соңғы жаңалықтар