Алматы облысында балаларды вакциналау мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ - әкімдік

«Балаларды вакцинация мәселесі әлі шешілген жоқ. Біз ата-аналардан баласы туралы ешқандай дерек жинап жатқан жоқпыз. Қызылорда облысында балалардың деректерін жинап жатқаны туралы ақпарат тарады. Бұл фейк болды деп ойлаймын. Қалай болғанда да, бұл мәлімет расталған жоқ. Егер ондай жұмыс жүргізілген болса, бүкіл елді қамтуы керек. Дәл бүгін балаларды вакциналау мәселесі туындап тұрған жоқ», - деді Батыржан Байжұманов.
Аталмшы шарада Алматы облысында күн сайын 200-ге жуық науқастың коронавируспен ауруханаға түсіп жатқаны айтылды.
«Соңғы екі аптада облыста коронавируспен ауырғандардың өсу қарқыны 0,9 пайыздан 0,6 пайызға төмендеді. Өңір «қызыл» аймақта. Соңғы тәулікте індет жұқтырудың 218 жағдайы анықталды. Оның ішінде 35 бала бар. Ауруханаларға коронавирус инфекциясымен күнделікті 200-ге жуық адам түсуде», - деді әкімдік өкілі.