15:52, 18 Шілде 2022 | GMT +5
Алматы облысында бекіре тұқымдас балықты заңсыз аулаған күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері бекіре балығын заңсыз аулаған күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Панфилов ауданының Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында бекіренің (осетр) заңсыз аулау дерегін анықтады. Жедел ақпаратты тексеру барысында, Іле өзенінің жағасында қармақты пайдаланып, жойылып кету қаупі төнген балықты аулаған Панфилов ауданының 59 жастағы тұрғыны ұсталды», - деді Алматы облысы ПД ЖПҚБ ТҚПТ аға инспекторы, полиция капитаны Бағлан Рымжанов.
Бүгінгі таңда күдіктіге қатысты ҚР ҚК 339-бабы 1-тармағы (сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерін аулау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.