11:00, 23 Сәуір 2011 | GMT +5
Алматы облысында бір балықшы суға кетті - Төтенше жағдайлар министрлігі
АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Алматы облысында балық аулау барысында бір балықшы суға батып кетті.
Бұл туралы ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға Ескелді ауданындағы Көксу өзенінде орын алған. «Таңертең балық аулап жүрген 1983 жылы туылған жігіт суға кетті. Денені іздеу Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты судан құтқару күштерімен жүргізілуде», - делінген ведомствоның хабарламасында.