Алматы облысында бір тәулікте есірткімен байланысты бес қылмыс ашылды
Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, үш күдікті есірткі пайдаланғаны үшін ұсталды.
Полиция қызметкерлері есірткі заттарын сақтаумен, оны пайдаланумен және саудалаумен айналысатын адамдарды құрықтауға бағытталған бірқатар жедел іс-шара өткізді.
Атап айтсақ, Талғар ауданында жедел уәкілдер 34 жастағы О. есімді азаматты ұстады. Оның үйінің ауласынан салмағы 300 гр гашиш есірткісі заты табылды және тәркіленді. Күдікті азамат бұған дейін де тәртіп сақшыларының назарына іліккен. 2018 жылы ол ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылғаны белгілі болды.
Сондай-ақ, Текелі қаласының тәртіп сақшылары тағы бір нашақорды анықтады. Ер адамның өзімен бірге марихуана алып жүргені анықталды.
Күдіктінің айтуынша, есірткіні бірнеше жылдан бері тұтынатындықтан ол оны өзі үшін сақтайды.
Талғар ауданында құрамында есірткісі бар заттардың заңсыз айналымына қатысты екі дерек анықталып, екі адам қамауға алынды.
Барлық ұсталғандарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабына сәйкес, яғни «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді саудалау мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу аясында тәртіп сақшылары аймаққа есірткі жеткізу арнасын да, олардың арасында ықтимал есірткі тұтынушыларын анықтау мақсатында айыпталушылармен қарым-қатынас жасап жүрген азаматтарды да тексеретін болады.
Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.