12:05, 24 Мамыр 2016 | GMT +5
Алматы облысында былтырғы шомылу маусымында 79 адам суға кеткен
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жыл сайын шомылу маусымында ТЖД жедел-құтқару жасағы бекеттері жоқ су қоймаларында азаматтардың қауіпсіздігіне қатысты күрделі жағдай қалыптасуда.

Бұған дейінгі жазғы шомылу маусымының статистикасы көрсеткендей, облыстағы өзендер, тоғандар, суару каналдары және басқа су қоймаларының күзетілмейтін учаскелерінде 79 адам, соның ішінде 16 бала суға кетіп ажал құшқан.
Төтенше жағдайлардың орын алуына құтқарушылар қадағаламайтын су қоймаларындағы азаматтардың демалуы, судағы қауіпсіздік ережелерн білмеу немесе сақтамауы, жекеменшік демалыс аймақтары иелерінің судағы қауіпсіздік ережелерін орындамауы, спирттік ішімдіктерді ішуі, жүзе білмеуі, балаларды ересектердің қарауынсыз су жағасында қалдырып кетуі себеп болады.
Төтенше жағдай кезінде құтқару қызметінің «112» нөміріне хабарласу керек.