Алматы облысында дәрігерлер тапшы
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының медицина саласында кадр жетіспеушілігі әлі де өзекті күйінде қалып отыр.
Бүгін бұл жөнінде Өңірлік коммуникация орталығында өткен брифинг барысында облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазіргі таңда облыста 4500-ден астам дәрігер жұмыс істейді. Ал орта буындағы мамандардың саны 16 мыңға жуықтаған. Дәрігерлер тапшылығы 170-тен астам маманды құрайды. Мәселен, өңір бойынша гепатолог, гематолог, нефролог, аллерголог сынды мамандар аса қажет.
Асхан Байдувалиевтің сөзінше, қазіргі таңда кадр мәселесін шешу жолында жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, медицина мамандарын даярлап жатқан ЖОО-мен арнайы келісімшарт жасалған. Ондағы мақсат - болашақ дәрігерлерді Алматы облысына тартып, мамандар тапшылығын жою.