Алматы облысында дәстүрлі Бартоғай марафоны өтті

АЛМАТЫ. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматы облысының аумағында алматылық маунтинбайкерлер арасында Бартоғай-Асы-Батан марафоны өтті, деп хабарлайды «Вело-Алматы» бастамашы тобының өкілі, марафонның ұйымдастырушысы Тимур Джуркашев.

Алматы облысында дәстүрлі Бартоғай марафоны өтті

Биыл 7-ші рет өткізілген веложарыста Эдуард Лоренц жеңімпаз болды. Тау жолы мен өзен, асулар арқылы өтетін 72 шақырымды ол 4 сағат 36 минутта басып өтті. Бұл аталған марафон үшін рекордтық көрсеткіш. 20 жасар Эдуарттың жеңісті жолын Алексей Козырев пен Павел Красовицкий жалғастырды. Олар тиісінше екінші, үшінші орынды иеленді.

Бір қызығы сайысқа отбасылық командалар да қатысқан. Олардың қатарында 40 жасар Евгений Казанцевтің отбасы болды. Оның ұлы Кирилл мен әйелі Марина да Бартоғай марафонының қатысушылары қатарынан табылған.