Алматы облысында екі «Камаздың» ортасында қалған көлік жүргізушінің жағдайы белгілі болды

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында екі «Камаздың» ортасында қалған көлік жүргізушісінің жағдайы ауыр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысында екі «Камаздың» ортасында қалған көлік жүргізушінің жағдайы белгілі болды

«1996 жылғы азамат Қарасай аудандық ауруханасына жеткізілді. Жағдайы ауыр, миы шайқалғанғ оң жақ иығына, арқасына, бел омыртқасына зақым келген»,- деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін сағат 10:00 шамасында жантүршігерлік көлік апаты болды. Қарасай ауданының Жібек жолы-Елтай-Боралдай автожолында жеңіл автокөлік екі КамАЗ-дың ортасында қалған. Соққының салдарынан «Мазда-626» көлігінің сау-тамтығы қалмады.