Алматы облысында екі мектепті жөндеуге бөлінген қаражаттан ақша жымқырған компания басшысы сотталды

ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат – Алматы облысында екі мектепті жөндеу барысында аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру ісі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
None

2020 жылдың мамыр айында Алматы облысы Кербұлақ ауданының білім бөлімі мен «ПМК-7К» ЖШС арасында жалпы сомасы 855 млн теңге болған «Сарыбастау» және «Қарағаш» ауылдарындағы екі мектептің күрделі жөндеуін өткізуге шарт жасалған.

Құрылыс жұмыстары кезінде құрылыс компаниясының басшысы жобалау-сметалық құжаттамада көзделген жұмыстардың бөлігін орындамау, орындалған жұмыстардың актілерін жалған жасау арқылы аса ірі мөлшерде ақша қаражатын жымқырған.

Оның қылмыстық әрекеттерінен ЖШС-нің есеп айырысу шотына 57,5 млн теңге сомасында ақша қаражаты заңсыз аударылды.

Тергеу нәтижесінде оған қатысты қылмыстық іс сотқа жолданып, айыптау үкімі шықты. Сотталушы мемлекетке келтірілген 57,5 млн теңге сомасындағы залалды толығымен өтеген.


Соңғы жаңалықтар