Алматы облысында екі жаяу жүргінші көлік астына түсіп, опат болды - ТЖМ

АСТАНА.   Желтоқсанның  20-сы.  ҚазАқпарат -  Төтенше жағдайлар министрлігінің   мәліметтері  бойынша,  өткен тәулікте  Алматы  облысында     көлік   доңғалақтарының астына түсіп,  екі  жаяу  жүргінші   опат болды.

Алматы  облысында  екі  жаяу  жүргінші    көлік астына түсіп,   опат  болды -  ТЖМ

Атап айтқанда,  сенбі күні Алматы  облысы Талғар  ауданының Нұра ауылында     «Субару»  көлігі   73 жастағы  кейуананы қағып  кетті.   Төтенше жағдайлар  ведомствосының ақпараты  бойынша,  қария ауруханада көз жұмды.

Сондай-ақ,    кеше  Алматы-Талғар тас жолының 9-шы шақырымында «Фольксваген»  көлігінің  жүргізушісі      28 жасар бойжеткенді   қағып  кетіп,    жаяу  жүргінші  оқиға  орнында  қайтыс болды.