Алматы облысында екі жолаушылар автобусы соқтығысып қалды, құрбан болғандар бар
АСТАНА. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Алматы облысының «Алматы-Өскемен» тас жолында жол-көлік оқиғасы орын алды.
Тас жолдың 289-шы шақырымында «Сетра» автобусы «Неоплан» автобусына барып соғылған. Оқиға салдарынан «Сетра» көлігінің екінші жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бес жолаушы ауруханаға түсті, төрт адам алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ауруханаға жатудан бас тартты.
Төтенше жағдайлар ведомствосынан хабарлағандай, «Неоплан» автобусы жолдың шетінде тұрған.