Алматы облысында екі жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші 2,5 жылға сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысы Қарасай аудандық сотында біреуі жансақтау бөлімінде көз жұмған екі жүргіншіні қағып кеткен жүргізушіге қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.
None
None

«Бұл жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендердің бірі ауруханада есін де жимастан  көз жұмды. Сотталушы сотта кінәсін толықтай мойындады. Қатты өкінді, кешірім сұрады», - деп хабарлады Алматы облысы сотының баспасөз қызметінде.

Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, оған екі жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар