Алматы облысында екінші топтағы мүгедек жоғалып кетті
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері із-түзсіз жоғалған екінші топтағы мүгедекті іздестіріп жатыр. 48 жастағы азамат 27 мамыр күні үйінен шығып кетіп, оралмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қанат Қойгелдіұлына Майкотов іздеу жариялаймыз. 1970 жылғы азамат Талғар ауданындағы Тұздыбастау ауылының тұрғыны. Ол 27 мамыр күні түнде үйінен шығып кетіп, бүгінгі күнге дейін оралмады. Жоғалған адам екінші топтағы мүгедек. Бойы шамамен 160-165 см, орта денелі», делінген Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сондай-ақ аталған ведомства өкілдері іздеу жарияланған адамның суретін әлеуметтік желіге жариялады. Суреттегі адам жайлы қандай да бір ақпарат білетіндер болса, төмендегі нөмірлерге хабарласуы керек.
8 (7282) 600-232, 600-233, немесе Талғар аудандық ІІБ-не қоңырау шалуға болады 8 ( 727) 295-61-05, 95-63-96.