Алматы облысында экологиялық ахуал талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Талдықорғандағы Тіл Сарайында облыстың экологиялық жағдайын талқылаған жиын өтті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматы облысында экологиялық ахуал талқыланды

Жиынға Алматы облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінен, облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасынан, облыстың мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары мен аудан, қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің басшылары қатысты.

Алматы облысы бойынша экология департаментінің басшысы Қонысбек Байеділов өз баяндамасында өткен жылдың қазан айында берілген облыстың басшысының хаттамалық шешімі тапсырмаларының орындалу барысына тоқталды. Атқарылған жұмыстармен қатар кемшіліктер де тілге тиек етілді. Жиын қорытындысында облыс экологиясының проблемаларын шешудің 2016-2020 жылдарға арналған іс-шара жоспарының орындалуын қатаң бақылауға алу, салынған полигондарды бір қалыпқа келтіру, тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптайтын, қайта өңдейтін зауыттар мен желілер салуға жер телімдерін бөліп беру мүмкіндігін қарастыру және басқа да бірқатар міндеттер айқындалды.