Алматы облысында Елбасының балалық шағы жайында фильм түсірілуде
АЛМАТЫ. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ - Алматы облысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағы туралы «Балалық шағымның аспаны» деп аталатын көркем фильм түсірілуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Президенттің балалық кезіндегі бейнесін шымкенттік жас актер Нұрдәулет Ілес сомдайды. Бұл Нұрдәулеттің кино өнеріндегі алғашқы рөлі емес. Бұған дейін ол Оңтүстік Қазақстан облысында француз актері Жерер Депардьенің қатысуымен түсірілген көркем фильмде басты рөлдердің бірінде ойнаған.
Фильмнің сценариін Шахимарден Құсайынов пен Рүстем Әбдірашов жазған. Картинаның тұсаукесерін Мемлекет басшысының 70 жылдық мерейтойына орай өткізу жоспарланған.