Алматы облысында Есік көлі мен Асы–Түрген обсерваториясына апаратын жол жабылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Сел жүру қаупіне байланысты Есік көлі мен Асы–Түрген обсерваториясына апаратын жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамы бойынша, Алматы қаласының таулы аудандарында нөсер жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнайды деп күтілуде. Найзағай кезінде батыстан соққан желдің екпіні 18-23 м/с болады.
«Қатты жауын-шашынның түсуіне байланысты ағымдағы жағдайды ескере отырып, таулы жерлерде селдердің пайда болу қаупі бар. 28-31 шілде күндері Алмарасан, Кімасар, Бутаковка, Аққайың, Ақсай, Қаскелең, Түрген, Есік, Маралсай, Қотырбұлақ, Алматы қаласы мен Алматы облысының тау бөктеріндегі автомобиль жолымен қауіпті аймақтарға жаяу және автокөліктер үшін жол жүру шектеледі», - деп хабаралады «Іле Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен.
Құтқарушылар тұрғындарға тауға шықпауға кеңес берді.
«Селдің пайда болу қаупіне байланысты Іле Алатауы тауларына бармауыңызды өтінеміз»,- делінген хабарламада.