Алматы облысында газ бен ауа қоспасының жарылысы салдарынан 5 адам күйік жарақаттарын алды - ТЖМ

СТАНА. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат - Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Райымбек ауылында газ бен ауа қоспасының жарылысы салдарынан бүтін бір отбасы күйік жарақаттарын алды, оның ішінде балалар да бар.

Алматы облысында газ бен ауа қоспасының жарылысы салдарынан 5 адам күйік жарақаттарын алды - ТЖМ

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан мәлім етті.

Оқиға өткен сенбі, қыркүйектің 25-і күні таңертеңгі сағат 7 жарымда, жекеменшік тұрғын үйдегі газ құрылғысының істен шығуы салдарынан орын алды.

Министрліктен анықтағандай, төтенше оқиға орнына өрт сөндірушілер шақырылған жоқ.

Ауруханаға 43 жастағы еркек мен әйел, 17 жасар қыз, 14 және 2 жастағы екі бала жеткізілді.