Алматы облысында иіс тиіп - 3 адам, оның ішінде 6 жасар бала көз жұмды

АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат - Алматы облысында көмірқышқыл газына уланып үш адам мерт болды, олардың арасында 6 жасар бала бар,

Алматы облысында иіс тиіп - 3 адам, оның ішінде 6 жасар бала көз жұмды

деп хабарлады ҚР ТЖМ-нан.

Жазатайым оқиға, кеше, ақпанның 11-і күні Жамбыл ауданындағы Ақсеңгір ауылында жекеменшік тұрғын үйде орын алды. Пештің ақауы салдарынан иіс тиген 30 жастағы әйел, 11 жастағы жасөспірім мен 6 жасар бала сол орында көз жұмды.

Сондай-ақ улану диагнозымен 9 жасар қыз ауруханаға жеткізілді.