Алматы облысында ірі жол апатында бес адам қаза болды, 8-і - ауруханаға жеткізілді
АСТАНА. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат - Алматы облысында ірі жол-көлік апаты болып, бес адамның өмірін қиып кетті, 8 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Алматы-Өскемен автожолының 321-ші шақырымында Алматы облысының Ақсу ауданында кешке 21.50-де салонында 45 жолаушысы бар «Сетра» автобусы мен «Мазда» автомобилі соқтығысты.
Апат салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы оқиға орнында қазаға ұшырады, азиялық пішінді бұл ер азаматтардың кімдер екені анықталған жоқ. Автобустың тағы сегіз жолаушысы ауруханаға жеткізілді.