Алматы облысында ит сою орны ұйымдастырылған ба - тексеру басталды
ҚОНАЕВ.ҚазАқпарат – Әлеуметтік желіде ит соятын орын ұйымдастырылғаны туралы бейнежазба жарияланған болатын. Осы жарияланым бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлеуметтік желіде тараған бенежазбада екі әйел адам қамауда тұрған иттерді көрсетеді. Олардың болжамы бойынша, бұл – ит соятын орын.
«Бұл – тура ит соятын орын. Қарасаңшы, арқан тұр. Ал, мына жерге итті сояды», - деп қосады видео авторы.
Желідегі жазба бойынша тексеру жұмыстары басталған.
«Аталған фактіні Алматы облысының Қарасай аудандық полиция басқармасы назарға алып, ҚР ҚК-нің 316-бабы (Жануарларға қатыгездік көрсету) бойынша қылмыстық іс тіркеді. Тексеру басталды», - делінген Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, тергеу нәтижелері туралы қосымша хабарланады.
Видеодан алын ғ ан кадр