Алматы облысында итті көлікке байлап сүйреген жүргізуші анықталды

ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат – Алматы облысының полицейлері итті көлікке байлап, жол үстімен сүйреген жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Видеодан алынған кадр/ instagram.com/_dzhanabekova

Әлеуметтік желіде көліктің артынан жүгіріп бара жатқан байлаулы иттің видеосы тарады.

Автордың жазуынша, жүргізуші сағатына шамамен 60 шақырым жылдамдықпен келе жатқан.

Алматы облысының Полиция департаменті Талғар ауданының полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 316-бабымен («Жануарларға қатыгездік көрсету») істі тергеуді бастады.

«Сотқа дейінгі тергеу жоғарыда аталған бөлімше қызметкерлеріне жүктелді. Құқық бұзушы – азамат Ж., 1987 жылы туған. Қазіргі уақытта айыпталушы қатыстырыла отырып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», - деді Алматы облысы Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов.


Соңғы жаңалықтар