Алматы облысында із-түзсіз кеткен 16 жасар қыз іздестіріліп жатыр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Еңбекшіқазақ ауданының полициясына 2003 жылы туған Гүлжан Мырзатқызының із-түзсіз жоғалғаны туралы арыз 21 желтоқсанда қыздың ата-анасынан келіп түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кәмелетке толмаған жасөспірім қыз Әймен ауылында тұрады және Есік экономикалық-педагогикалық колледжінде оқиды. Оны іздестіру жұмыстарына Еңбекшіқазақ аудандық полиция қызметкерлері мен облыстың жедел уәкілдері тартылды» - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жоғалған қыздың бойы - шамамен 165 см, дене бітімі арықша келген, үстінде сары түсті тоқылған шапка мен қара күрте болған. Басқа арнайы белгілері жоқ.

Гүлжан Мырзатқызының қайда екендігі туралы кез келген ақпарат білетін болсаңыздар, полицияға хабарласуды сұраймыз: 8 778 3331011, 87027152120, 8 7282 608008 немесе 102.

Соңғы жаңалықтар