Алматы облысында «Jeppesen Air Party 2010» авиашоуы өтеді

АЛМАТЫ. Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Маусымның 24-25 күндері Алматы облысында «Jeppesen Air Party 2010» авиашоуы өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оны Аэропакт әуе компаниясы, Jeppesen Party демалыс базасы және Chesnok.kz Event-агенттігі бірігіп ұйымдастырып отыр. Шараның басты мақсаты -Қазақстанда авиацияны спорттың бір түрі ретінде насихаттау, ұшқыштардың кәсіби деңгейін көтеру және жеңіл авиацияның, ұшу аппараттарының техникалық мүмкіндіктерін таныстыру.

Қазақстанның өте жеңіл авиация қауымдастығының президенті Өмірбек Кеңесбаевтың айтуынша, бұл шараға шақырылған меймандардың саны 2 мың адамды құрап отыр. Олардың арасында кәсіби және әуесқой ұшқыштар мен джиперлер, стрит-рейсерлер, байкерлер және тағы басқа 17 бейресми клубтардың өкілдері бар. Бағдарламада кәсіби ұшқыштардың шеберліктерін көрсетіп, жұртшылық назарына өте жеңіл ұшақтардан тікұшақтарға дейінгі 20-дан астам әуе көліктері ұсынылмақ. Сондай-ақ джиперлердің республикалық жарысы, "Аэроплан" тобының концерті және тағы басқа түрлі көңіл көтеру шаралары жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар