Алматы облысында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікті ұсталды

ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері кәмелетке толмаған қыз балаға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыс жасады деген күдікке ілінген ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облысында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікті ұсталды

ІІМ мәліметінше, қазір ол УҰО-ға қамаққа алынды.

Еске салсақ, 13 сәуірде Ұйғыр ауданының полициясына қызының зорланғаны жайында жергілікті тұрғын арызданған болатын. Бұл дерек ҚР ҚК 120-бабының белгілері бойынша тіркелді.

Аталған деректі тексеру шеңберінде бірқатар сот-медициналық сараптамаларды тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін тараптардың дәлелдері жан-жақты, толық және объективті тексерілуде.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, сондай-ақ тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.