Алматы облысында кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 13 жасөспірім жеткізілді

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 13 жасөспірім жеткізілді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысында кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 13 жасөспірім жеткізілді

Алматы облысының тәртіп сақшылары «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасын өткізген алты күн ішінде 1052 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның 23 жағдайында жасөспірімдер алкогольдік ішімдік ішкен.

«Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар 9-18 қараша аралығында»Жасөспірім« профилактикалық іс-шарасын өткізді. Бұл акцияның мақсаты кәмелетке толмағандар арасында, сондай - ақ оларға қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізіледі», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратында.

Сондай-ақ, жедел-алдын алу іс-шараларының қорытындысы бойынша тәртіп сақшылары полицияға 890 жасөспірімді жеткізгенін атап өтті. Оның ішінде 849 факті кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін шығуы себеп болған.

Алдын алу іс-шараларын өткізу кезеңінде облыс аумағында 1541 ойын-сауық мекемелері тексерілді. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 13 жасөспірім жеткізілді.