Алматы облысында қар көшкіні болу қаупі сақталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында қар көшкіні болу қаупі сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Алматы облысында қар көшкіні болу қаупі сақталады

«Қардың көп мөлшерде түсуінен және қар жабынының биік болуынан 22-23 наурыз күндері Алматы облысының таулы аймақтарында қар көшкіні қаупі сақталады», - делінген хабарламада.

Халыққа көшкін болуы ықтимал қар басқан тау бөктерлеріне бармауға кеңес беріледі.