Алматы облысында қар көшкінінің астында екі шаңғышы қаза болды

АСТАНА. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат – Алматы облысының Талғар ауданындағы «Ақбұлақ» спорттық-сауықтыру кешеніне жақын маңда қар көшкіні салдарынан екі шаңғышы қаза болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Төтенше оқиға «Солдатсай» шатқалында кеше, ақпанның 26-сында орын алған. Таудан түсіп келе жатқан кезде шаңғышылардың бір тобы қауіпсіз аумақтан шығып кетіп, 25-30 мың текше метр көлемдегі қардың көшуіне себеп болған. Оқиға орнында жедел аттанған құтқарушылар 32 жастағы ер азаматтың денесін бірден, ал 22 жастағы екінші азаматтың денесін бүгін түнде тапты. Алдын-ала мәліметтер бойынша, қаза тапқандар «Ақбұлақ» кешенінің қызметкерлері болған.
Соңғы жаңалықтар