Алматы облысында қар құрсауында қалған 121 адам құтқарылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында қар құрсауында қалған 121 адам құтқарылды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі.

 Алматы облысында қар құрсауында қалған 121 адам құтқарылды

null
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 25 қаңтарда кешкі 18 сағат 28 минутта, Алматы облысы ТЖД-ның кезекші бөліміне Кербұлақ ауданы Сарыөзек - Көктал тас жолының Алтынемел өткелінде бірнеше жолаушы автобусы қар құрсауында қалғаны туралы ақпарат келіп түскен. Хабарлама түскен бойда қар құрсауында қалған жолаушыларды құтқару үшін Алматы облысы ТЖД Жедел құтқару жасағының 5 құтқарушысы және 1 Нефаз автокөлігі шықты.

null  

«Авариялық-құтқару жұмыстары нәтижесінде қар құрсауынан 121 адам және 10 автокөлік құтқарылды. Оның ішінде 2 - жолаушы автобусы, 1 - жолаушы автокөлігі және 7 - жеңіл автокөлік бар. Құтқарылғандардың арасында зардап шеккендер жоқ», делінген хабарламада.