Алматы облысында қар жауады - Күн райына болжам
ҚОНАЕВ.ҚазАқпарат - Алматы облысында ауа температурасының күрт төмендеуі күтілуде, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2 мамыр күні Алматы облысында қатты жауын жауып, арты қарға ұласуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді деп болжануда. Сондай-ақ 1-6 градусқа дейін суық болады»,- делінген Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Жетісу облысында да 2 мамыр күні қатты жел соғып, ауа температурасы -2 градусқа дейін төмендейді деп болжануда. Ал желдің екпіні секундына 17-22 метрге дейін жетуі мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, дауылды ескертулер мен басқа да шұғыл ақпаратты «Дәрмен» тегін мобильдік қосымшасын жүктеу арқылы алуға болады.