Алматы облысында Қаратал өзеніндегі тасқын судың салдарынан екі шаруа қожалығын су басып қалды - ТЖМ

АСТАНА. Наурыздың 15-і. ҚазАқпарат - Алматы облысында тасқын су екі шаруа қожалығын басып қалды,

Алматы  облысында   Қаратал өзеніндегі  тасқын  судың салдарынан    екі  шаруа қожалығын  су  басып  қалды - ТЖМ

деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Наурыздың 14-і күні Қаратал өзенінің бойында, Үштөбе ауылының төменгі жағына қарай 42-ші және 60-шы шақырымда екі шаруа қожалығын су басып қалды, деп хабарлады ведомстводан.

Қараталдың төменгі ағысындағы 60-шы шақырымдағы жерден көрші шаруашылықтарға 25 адам, 500 бас ұсақ мал және 180 бас ірі қара мал көшірілді. Ал 42-ші шақырымнан 60 бас ұсақ мал мен 96 бас ірі қара мал көшірілді.

Қазіргі таңда өзендегі судың деңгейі төмендеп, тасқын судың беті қайтты.