15:33, 27 Қыркүйек 2021 | GMT +5
Алматы облысында қашықтан оқып жатқан 2 753 оқушы мектепке оралды
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында қашықтан оқып жатқан 2753 оқушы қайта мектепке оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сәйкес, жаңа оқу жылының 1 қыркүйегі мен 27 қыркүйек аралығында облыс бойынша оқушылар арасында коронавируспен сырқаттанудың 960 жағдайы тіркелді.
Оның ішінде 215 жағдай жазғы демалыс кезінде, 720 жағдай офлайн оқыту кезінде және 25 жағдай онлайн оқыту кезінде анықталған.
«Облыстың 244 мектебінің 578 сыныбына карантин енгізу туралы 567 қаулы шығарылды және 9379 оқушы қашықтан оқыту нысанына ауыстырылды. Бүгінгі күні 578 сыныптың 201-і карантиннен шығарылып, 2753 оқушы қайта мектепке оралды»,- делінген ведомствоның хабарламасында.