Алматы облысында кәсіпкерді ұрып-соғып, тонағандар ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында кәсіпкерді ұрып-соғып, тонағандар ұсталды. Қазір аталған фактіге орай екі азамат күдікті ретінде тергеліп жатыр. 19 және 20 жастағы жігіттер қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
None
None

Жәбірленушінің сөзінше, бетіне бетперде киген екі бейтаныс азамат оның үйіне баса көктеп кіріп, бірден соққыға жыққан. Артынша зергелік бұйымдарын, қол сағатын және ақшасын ұрлап әкеткен. Зардап шеккен 65 жастағы қария өзіне келтірілген материалдық шығын көлемін 1 миллион теңгеге бағалап отыр. Есік қаласы тұрғынының арызынан кейін, күдіктілер көп ұзамай қолға түсті.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктінің біреуі Есік қаласының, енді бірі Ұйғыр ауданының тұрғындары. Олардың бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмағаны және жұмыссыз жүргендері анықталды. Ұсталған азаматтардан жәбірленушіге тиесілі «Casio» қол сағаты және ұрланған ақшалардың бір бөлігі табылды. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 192 бабы 3 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар