Алматы облысында қатерлі ісікке шалдыққандар саны азаймай тұр

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында қатерлі ісікке шалдыққандар саны азаймай тұр. Керісінше обыр дертіне шалдыққандар саны еселенуде. Мәселен 2015 жылы өңірде қатерлі ісікпен тіркеуге алынған науқас саны 12500 адам болса, биылғы жылдың 9 айында 12 600-ден асты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Алматы облысында қатерлі ісікке шалдыққандар саны азаймай тұр

Дәрігерлер бұл жағдайды халықтың өз денсаулығына немқұрайлы қарауында деп түсіндіруде. Облыстық онкодиспансерде тек нәзік жандылар арасында биыл 20-дан астам сүт безінің ісігі, 3 жатыр мойнының ісігі скринингтік тексеру кезінде анықталды. Уақытылы шара қолданылып, аурудың беті қайтты.

Облыстық онкологиялық  диспансердің меңгерушісі Фариза Бигусинованың айтуынша науқас дер кезінде келіп тексерілсе, бірінші және екінші дәрежедегі ісікті толық емдеп шығуға болады. Ал егер асқынып кетсе, яғни 3-ші, 4-ші дәрежесінде біз көмектесе алмауымыз мүмкін дейді. Сондықтан дәрігерлер барлық азаматтарға скринингтен өтіп, өзінің денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырады.