Алматы облысында қатты жел мектептің шатырын жұлып кетті
АСТАНА. 16 шілде. ҚазАқпарат - Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылында секундына 20-25 метр жылдамдықпен соққан қатты желдің салдарынан Б.Соқпақбаев атындағы мектептің шатыры зардап шекті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 14 шілде күні түстен кейін болған. Қазір ол жерде аудандық комисия жұмыс істеп жатыр.