Алматы облысында қауіпті қылмыскерге іздеу жарияланды

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысының полициясы аса қауіпті қылмыскерге іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысында қауіпті қылмыскерге іздеу жарияланды

Алматы облысының Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы, қауіпті қылмыскерді іздеп жатыр.

Ол- бірнеше ауыр қылмыс жасаған 1983 жылы туған Ринат Балтабаев.

«Ерекше белгілері: бойы 160-170 см, дене бітімі арықша келген, шашы қара, көзі қара түсті, алдыңғы тістері жоқ. Аталған азаматты көрген-білгендер немесе тұрғылықты жерін білетіндер болса +7 775 157 2222, +7 702 712 7922 немесе 102 телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз», - деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.