14:35, 17 Мамыр 2020 | GMT +6
Алматы облысында Кеген, Талғар аудандарының 5 тұрғынынан коронавирус анықталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында коронавирус инфекциясының тағы 5 жағдайы тіркелді. Індетті жұқтырған 3 адам Кеген, 2-еуі – Талғар аудандарының тұрғындары - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 1960, 1965, 1971, 1977, 2008 жылы туған 5 пациенттің 4-еуі бұрын ауырғандармен байланыста болған. 1-інен індет профилактикалық тексерілу барысында анықталды.
ПЦР-талдауы кезінде пациенттердің COVID-19 диагнозы расталды. Науқастар сырқаттары расталғанға дейін оқшауландырылған болатын. Қазіргі кезде Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы аудандық аурухананың инфекциялық бөліміне ауыстырылды.
Олармен 4 адамның қарым-қатынаста болғаны анықталып, КВИ-ге зертханалық тексеру жүргізу үшін оқшауландырылды. Эпидемиологиялық зерттеулер жалғасады.
Жалпы 16 мамырдағы жағдай бойынша Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны 206 болды. Оның 126 індеттен жазылды.