Алматы облысында кісі өліміне күдікті ер адам іздестірілуде
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері 1976 жылғы адамды іздестіріп жатыр.
Бұрын сотталған Панфилов ауданына қарасты Көктал ауылы тұрғынының кісі өліміне қатысы болуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
1 қаңтар күні Қапшағай қаласына жақын орналасқан Шеңгелді ауылы маңынан ер азаматтың мүрдесі табылды. 32 жастағы адамды қинап өлтірген. Жедел іс-шаралар барысында полиция күдіктіні анықтады.
«Күдікті ер адам орта денелі, бойы 165-170 см, шашы қысқа, саусақтарында белгілер бар. Шопан болып жұмысқа жалдануы мүмкін. Сондай ақ тұрғылықты жері жоқ адамдардың арасында да жүруі ықтимал. Көп жағдайда өзін Ерлан есімімен таныстырады» - деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Алматы облысының тәртіп сақшылары Құсайынов Ералин Ерсланұлы жайлы білетіндерден хабар беруді сұрайды 8(72772) 4-10-98, сот. 8-702-220-30-30, 8-707-137-30-30, 8-702-699-19-22, 8 (7282) 60-80-76 немесе 102.