15:37, 24 Тамыз 2017 | GMT +5
Алматы облысында қолдан жасалған мотор майы сақталған қойма әшкереленді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы маңында жалған «Mobil» мотор майы сақталған астыртын қойма әшкереленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Экономикалық тексеру қызметінің мамандары Алматы облысы Іле ауданында автобөлшектер дүкеніне мотор майларын сатып жатқан ҚР азаматын ұстаған.
Ер адамның көлігінде жалпы құны 500 000 теңге болатын 1 және 4 литрлік 154 канистр табылған.
Әрі қарай тергеу барысында қолдан жасалған мотор майлары сақталатын қойма әшкереленді. Мұнда 269 канистр техникалық май бар екен.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР ҚК 198-бабының 2-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу ісі тізіліміне тіркелді.